Ішімдік ішкен мотороллер жүргізушісі қолға түсті

138

Бүгінде ішімдік ішіп, рульге отыратындарға жаза қатаңдатылғаны белгілі. Бірақ жазаның ауырлығын ескермейтіндердің қарасы көбейіп тұр.

Түркістан облысына қарасты Мақтаарал аудандық полиця бөлімі потрульдік полиция тобының қызметкерлері жол қауіпсіздігін сақтау, қылмыстың алдын алу шарасы барысында тындырымды тірліктер атқаруда.

Жуырда тәртіп сақшылары жолда күмән тудырған «Муравей» (мотороллер) көлігін тоқтатады. Көлік жүргізу куәлігін сұрау барысында жүргізушіден алкогольдік спирттік ішімдіктің иісіне ұқсас иістің шығып тұрғаны белгілі болды.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 346-бабы «Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру» бойынша тіркелді. Өкініштісі қолға түскен азамат бұдан алдын көлік басқару құқығынан 7 жылға айырылған екен. Соған қарамастан қателігін тағы да қайталаған. Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасуда.

Ішімдік ішіп көлік басқарудың ең алдымен өзі үшін де, өзгелер де қауіпті екендігін ескермейтіндердің қара көбейтіп тұрғаны өкінішті.