Мемлекеттік қызметтегі бір мекемеде туған-туыстардың жұмыс істеуіне болмайды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы енгізілетін жаңа заңмен бүгін агенттік төрағасының орынбасары таныстырды.
Бұдан бөлек, Олжас Бектенов енді қылмысқа итермелеген адамдардың да жазасыз қалмайтынын айтты. Қанды оқиғадан бастап, жемқорлыққа дейінгі заңсыз әрекетке көндіргендер 3 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айрылады.
Олжас Бектенов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттік төрағасының бірінші орынбасары: «Азаматтық кодекстің 509-бабымен көзделген норманы Қылмыстық және Әкімшілік кодекстерінің нормаларымен сәйкес келтіруге тура келді. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылдайтын тұлғалардың отбасы мүшелерінің материалдық сыйақы, сыйлықтар немесе көрсетілетін қызметтерді қабылдауына тыйым салынады».
Баспасөз мәслихатында агенттік өкілдері барлығы 6 заң жобасын таныстырды. Және 7 заң жобасына өзгеріс енгізілгені айтылды.
Бұдан былай депутат, сот және мемлекеттік қызметкерлерге байлықтарын шетел банкінде сақтауға тиым салынды. Айта кетейік, бұған дейін аталмыш заңға өзгеріс керектігін Қасым Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына жолдауында айтқан еді.
Назерке Үкібасова