Миллиардер жас көрінгісі келетіндерге кеңес берді

172
AP Photo / Roman Kulik

Павел Дуров жастарға ішімдік ішпеуге кеңес берді. Еттен бас тартып, салауатты өмір салтын ұстану керек, деді

«ВКонтакте» және Telegram-ның негізін қалаушы Павел Дуров 36 жасқа толды. Ол неліктен жас көрінетінін айтты.

«Мен жас көрінетін көптеген адамдарға сауал қойдым. Олар не істейтінін айтып берді», — деді Дуров Telegram-да.

Бірінші кеңес — ішімдіктен бас тарту. Дуровтың айтуынша, алкоголь денсаулыққа зиян әрі қартаю процесін жылдамдатады.

Екіншіден, көп ұйықтау керек. Ұйқы кезінде күш жиналады. Жұмыс күндері қанбаған ұйқының нормасын демалыс күндері өтеу мүмкін емес.