Отбасы «тирандарын» тәртіпке салу оңай емес

150

Дүниені дүрліктірген дерттің өршіп тұрған шағында карантин шараларының көптеген қылмыстардың бастауы болғаны белгілі. Әсіресе үйде қамалып отырған отбасылардың кейбірі түрлі кикілжіңдерге ұрындырып, ақыр соңы құзырлы органдарға арыздануға алып келді.

Бүгіннің өзінде отбасылық дау — дамайлардың бәсеңдейтін түрі жоқ. Ішімдікке салынып, зорлық-зомбылық көрсетудің алдын алу аясында учаскелік полиция инспекторлары қарқынды жұмыстар атқаруда.

ҚР ІІМ-нің тапсырмасына сәйкес Түркістан облысы аумағында криминогендік ахуалды оңалту, масаң күйде, отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастарда ауыр және аса ауыр қылмыстарға жол бермеу, құқық бұзушылық профилактикасы бойынша жағдайды тұрақтандыру, ішкі істер органдарының халық арасындағы беделі мен имиджін көтеру және қоғамдық тәртіпті сақтау бағытындағы жұмысты жандандыру мақсатында «Тұрмыс» профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Аталған шара барысында түрлі құқықбұзушылықтар анықталды. 4 күнінде Ішкі істер органдары есебінде тұрған адамдардың тұрғылықты мекенжайы бойынша 2456-сы тексерілді. Оған қоса алдын алу жұмыстары жүргізіліп, 21 ашық тақырыпта кездесулер өткізілді. Сонымен қатар, 13 рет дағдарыс орталықтарында орналастырылған тұлғалармен әңгімелесу жүргізілді. 99 азамат маскүнем есебіне, 17 азамат нашақор есебіне, 45 жайсыз отбасы Ішкі істер органдарының алдын алу есебіне алынды.

Одан бөлек, «Тұрмыс» іс-шарасы барысында 470 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-бабымен «Отбасы тұрмыстық қатынастар аясында құқыққа қарсы әрекеттер»-50, 73-1 бабы «Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру» және 73-2 бабымен «Ұрып-соғу» 110, 127-баппен «Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау»-10, 133-бап бойынша -3,  669-бабымен «Сот үкімін, сот шешімін немесе өзгеде сот актісін және атқарушылық құжатты орындамау» байланысты 2 әкімшілік құқық бұзушылық айқындалып, тиісті шара көрілді.

Аталған шара барысында учаскелік полицейлер қарқынды жұмыстар атқаруда. Отбасы «тирандарын» тәртіпке салу оңайға соқпайтыны белгілі. Аталған жұмыстар тек бір шара барысымен шектелмей, алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.