Перинатальдық орталықтың дәрігерлері алты айлығында дүниеге келген сәбиді аман алып қалды

162

Шымкенттегі перинаталды орталықта дәрігерлер шала туылған нәрестені аман алып қалды. Сәби небәрі 900 грамм туылды. Нәресте қыз алты айлығында туылды.

Туыларда баланың жағдайы тым нашар болған. Сәби 1 айдай жан сақтау бөліміндегі қарқынды тыныстардыру аппаратында жатқан. «Араға бір ай салып нәресте салмақ қосып бері қарай бастады» дейді мамандар. Жас ана мен бала үйлеріне шығуға дайындалуда.

Феруза Бүркітбаева, жас ана: «Қызымды 12 тамызда босандым. Бала 26 аптада дүниеге келді. Бастапқы салмағымды 900 грамға жетпеген болса қазір салмақ қосып жатыр. Әу баста балам аман қалады деп ойламадым. Шүкір…».

Мақпал Рысбаева