27-28 қазан аралығында Шымкент қаласының аумағында жоғары ақпараттық технологиялар саласындағы құқық бұзышылықтарды анықтау, жолын кесуге және заңға қайшы іс-әрекеттерге қарсы күрес бойынша шаралар тиімділігін арттыруға бағытталған «Hi-tech» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізілді.

Іс-шара барысында Шымкент ҚПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері порнографиялық сипаттағы материалдарды жариялаған 50 сайтын анықтап, жедел түрде бұғаттау жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, ақпараттық жүйлерін пайдалана отырып интернет желісінің пайдаланушыларына қатысты алаяқтық іс-әрекет жасалғаны бойынша 7 жайт анықталып, ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі 4-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Ақпаратты жасырын алудың арнайы техникалық құралдарын заңзыс дайындау, жасау, иемдену, өткізу немесе пайдалану бойынша 1 жайт анықталып, ҚР ҚК-нің 399-бабы 1-бөлігі сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Осыған байланысты Шымкент ҚПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері ақпараттық технологиялар саласындағы алаяқтардың құрбаны болмас үшін келесідей кеңес береді:

– ешқандай жағдайда ешкімге дербес деректерді, пластикалық карталардың деректемелерін хабарламаңыз;
– аударымдар туралы түбіртектерді, кодтарды және кодтық сөздерді бермеуге;
– күмәнді ақпарат көздеріне сенбеу;
– тексерусіз тауар үшін алдын ала төлем жүргізбеуге;
– күмәнді мәмілелер бойынша аударымдарды жүзеге асырмауға, ашық табыс көзінсіз қаржылық схемалардан сақ болуға;
– банкинг қызметтеріне қол жеткізу құпия сөздерін үнемі ауыстырып отыру және төлем жүйелерінде бар қауіпсіздік шараларын пайдалану;
– өз шоттарыңыздағы ақша қозғалысын тексеріңіз.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі