Қала әкімі «Арғымақ» тұрғын алабының бүгінгі күйімен танысып қайтты

159

Шымкент қаласының әкімі өркениетке жете алмай отырған Абай ауданындағы Арғымақ тұрғын алабына барды. 54 гектарды алып жатқан аумақта барлығы 47 отбасы қоныстанған. Бірақ, олар әлі күнге дейін ауыз суды тасып ішеді. Қала берді мемлекеттік электор жарығына да қол жеткізе алмай келеді.

Аудан басшылығының сөзінше, аумақ ауыз сумен көп ұзамай қамтылады. Ол үшін «Улмад» ЖШС-і тарапынан жобалық -сметалық құжаттары дайындалыпты. Қала берді, мемлекеттік электр жарығымен қамту мақсатында ЖСҚ дайындалу үстінде екен. Одан өзге, алап тұрғындары табиғи газға келер жылы қосылатын болды.

Назерке Үкібасова