Леңгір қаласының әр бұрышында сиырлардың көше кезіп, жайылып жүру оқиғалары жиі орын алуда. Олар күннен күнге ажары кіріп, гүлденіп келе жатқан қаланың жасыл желегіне айтарлықтай зиян келтіруде.
Сонымен қатар, қаладағы көлік қозғалысына кедергі келтіріп жүргені де белгілі. Бұл мәселе бүкіл қоғам болып күресуді қажет етеді. Бүгінде Ленгір қаласы әкімі аппараты, аудандық полиция бөлімі және ветеринарлық қызмет бірлесіп тиімті жұмыстар атқаруда.
Бүгінгі күнге дейін Ленгір қаласының орталық көшелерінде қараусыз жүрген 30-дан аса мал қамалып, мал иелеріне 15 айыппұл салынды. Осы бағыттағы жұмыстар одан əрі жалғасын табатын болады.