Қазақстанда бос жұмыс орындары көбейген. 2020 жылдың үшінші тоқсаны бойынша еңбек биржасындағы 176 жұмыс орны бос тұр екен.
Өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіш 12 пайызға көбейген. Мұны мамандар елімізде енгізілген карантинмен байланыстырады. Зерттеу нәтижесі бойынша Қазақстанда жол жұмысшылары, күзетші, автомобиль жүргізушілері, бастауыш сынып мұғалімдері мен медбикелерге сұраныс артқан.
Ал, заңгер, экономист, инженер, дене шынықтыру мұғалімдері мен фельдшерлерге сұраныс әлдеқайда азайыпты.
Назерке Үкібасова