Асқар Мамин ветеринария мамандығына білім гранттарын көбейтуді тапсырды. Сондай-ақ, бүгін өткен үкімет отырысында ведомства басшылары сала қызметін күшейтуді талқылады.
Ол үшін жауаптылар тиісті ақпараттық базаны жетілдіріп, жаңарту керек дейді. Бұдан бөлек, ауылшаруашылық жануарларын 100 пайыз сәйкестендірмек. Және аталмыш салаға білім гранттарын да көбейтуді көздеп отыр.
Асқар МАМИН, ҚР Премьер-министрі: «Тиісті ақпараттық базаны жетілдіру және оны жаңарту процестерін автоматтандыру арқылы ауыл шаруашылығы жануарларын 100 пайыз сәйкестендіруді қамтамасыз ету керек. Ауыл шаруашылығы министрлігі Білім министрлігімен бірлесіп, салаға қажетті кадрларды даярлауды жетілдіру және түлектердің кейіннен ауылда жұмыс істеу шартымен ветеринариялық және фитосанитариялық қызмет мамандықтарына бөлінетін гранттарды көбейту мәселесін пысықтасын».