Қырғызстан Президенті отставкаға кетті

210

Қырғызстан Республикасының президенті ақыры отставкаға кетті. Сооронбай Жээнбеков жұмысынан кетітінін күні кеше мәлімдеген еді.

Парламент сайлауынан соң тағымен қош айтысам деген экс-басшы биліктен бүгін кетті. Осылайша тәуелсіз Қырғызстан Республикасы бесінші рет президентсіз қалып отыр. Айта кетейік, Жээнбеков жұмысына 2017 жылы кірскен еді.

Сооронбай Жээнбеков, Қырғызстан Республикасының экс-президеті: «Қымбатты менің отандастарым! Мен үшін Қырғызстандағы бейбітшілік, елдің тұтастығы, халқымыздың бірлігі және қоғамдағы тыныштық бәрінен жоғары. Мен үшін әрбір отандасымның өмірінен қымбат ештеңе жоқ. Мен билікті ұстамаймын. Қырғызстан тарихында өз азаматтарын атқан, қан төккен президент ретінде қалғым келмейді. Сондықтан отставкаға кету туралы шешім қабылдадым».

Еске сала кетейік, Жээнбековтың кетуіне көрші елдегі парламенттен кейінгі көтеріліс себеп болды. 5 қазан күні бауырлас ағайын Бішкек көшелерін басына көтеріп, тіпті ақ үйді өртеп жіберген еді. Осыдан кейін 11 жылға сотталған Алмазбек Атамбаевты түрмеден босатып алды. 15 жылдың ішінде 3 -рет басталған төңкерістің әлі бітер түрі жоқ. Бүгін республика азаматтары тағы да шу шығарды.

Назерке Үкібасова