Қыркүйек айында жәрдемақы алушылар үлесі төмендеген

215

Қыркүйекте Қазақстандағы жалақы алушылар үлесі қалпына келіп, жәрдемақы алушылар үлесі төмендеді. Осылай деген эканомика министрі бүгін Асқар Мамин алдында 9 айдың қорытындысын жариялады. Руслан Дәленов сөзінше соңғы айда ел эканомикасы қалпына келе бастаған. Десе де, банктен несие алатындар азаймай тұр екен.

Руслан Дәленов, ҚР Ұлттық экономика министрі: «Мемлекет басшысы дағдарысқа байланысты бастамаларды іске асыру жалғасуда. Қарапайым заттар эканомикасы бағдарламасы бойынша ағымдағы жылдың 9-қазанындағы жағдай бойынша банктер жалпы соммасы 417 млрд теңгеге 450 өтінімді мақұлдап 380 млрд теңге соммасында 661 қарыз берілді».

Айта кетейік, ағымдағы жылы бизнеске кредит беру 2 пайызға артса, тұрғындар арасында несие алу 3 пайызға көбейген. Осылай деген ведомства басшысы несие беру көрсеткішінің әлі де артатынын алға тартады.

                                                                                                  Назерке Үкібасова