Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жеке тұлғаларға салық бойынша өсімпұлдарды есептен шығару арқылы салықтық амнистия қарастырылғаны туралы еске салады.
Жылдың соңына дейін әрбір азамат есептелген өсімпұлдарды есептен шығару үшін осы акцияны пайдалана алады. Жалғыз шарты, соңғы жылдардағы салық бойынша негізгі қарыз сомасын төлеу керек.
Салық берешегі туралы ақпаратты ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz сайтынан және «электрондық үкімет» порталында «Электрондық сервистер», «салық берешегінің бар (жоқ) екендігі туралы мәліметтер» бөлімінде борышкердің ЖСН бойынша көруге болады
Мемлекеттік кірістер органдары күнделікті жеке шоттар мәртебесін бақылайды және егер негізгі борыш төленсе, өсімпұлдарды жою туралы шешім үш жұмыс күнінен кешіктірмей қабылданады.
Мәселен, ағымдағы жылдың қыркүйек айында Шымкент қаласының салық төлеушілері салықтар бойынша негізгі қарызды жалпы сомасы 244,7 млн.теңгеге төледі, бұл ретте жалпы сомасы 42,8 млн. теңгеге өсімпұл есептен шығарылды.