Санитарлық талапты сақтамағандарды кім анықтап жүр?

131

Қазақстан еріктілері 3 айда 4300 мониторингтік іс-шара жүргізген. Бұл туралы бүгін селекторлық кеңесте айтылды.

Денсаулық сақтау министрімен өткен жиынға қоғамдық бақылау өкілдері де қатысты. Және соңғы 3 айда жасаған жұмыстарымен бөлісті. Сөздерінше, еріктілер жеткізілген гуманитарлық жүктерді қабылдау, санитарлық талап сақтамағандарды анықтау істеріне белсене кірісіп жүр.

Алексей ЦОЙ, ҚР Денсаулық сақтау министрі: «Әлеуметтік желілердегі мониторинг қоғамдық бақылау еріктілері халық арасында жоғары беделге ие екенін және жұрт олардың қызметіне сенім артатын көрсетеді».

Бұдан бөлек, кездесу барысында аймақтағы әкімдік, Полиция департаменті мен қоғамдық бақылау тобы арасында байланыс жоқтығы жарияланды. Топ өкілдерінің айтуынша, олардың жұмыла жұмыс істеуі тек формальді түрде қалып отыр.

Алексей ЦОЙ, ҚР Денсаулық сақтау министрі: «Осыған байланысты біз қоғам өкілдері мен мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар арасындағы өзара ынтымақтастық пен үйлестіруді реттеуіміз қажет».

 Назерке Үкібасова