Сенбілікке әлеуметтік сала қызметкерлері де атсалысты

93

Бүгінт Шымкент қаласында сенбілік өтті. Шараның мақсаты – экологиялық білімді арттыру және қоршаған ортаның ластануына жол бермеу.

Оған Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының қызметкерлері де қатысып, ортақ шаруаны бірлесе атқарды. Басқарманың және басқармаға бағынысты мекемелердің қызметкерлері қаладағы Жастар аллеясы мен концерт алаңына дейінгі аумақты қоқыстан тазартып, шаһар тазалығына үлес қосты.

Әлеуметтік қорғау саламының ұжымынан құралған 115 адам қажетті құрал-саймандарын сайлап, өздеріне тиесілі аумақты тазартып шықты. Осылайша сала қызметкері мегаполистің қоршаған ортасын таза ұстауға, экологияның жақсаруына қолғабыс жасады.