Шымкент: Әуежайдың жылдық табысы 150 млн. теңгеден кем болмауы тиіс

122

 5,2 млрд. теңгеге бағаланып отырған Шымкент әуежайының жылдық табысы келесі жылдан бастап 150 млн. теңгеден кем болмауы тиіс. Онымен қоса стратегиялық нысан иесі 10 жыл ішінде кем дегенде 6 млрд. теңге инвестиция салуы тиіс. Конкурсқа қойылған әуежайды сатып алуға ниет білдіргендерге осындай талап қойылып отыр.

Бұл туралы бүгін қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исақов мәлімдеді. Алғашқы конкурста бір ғана өтінім болуына байланысты өтпей қалған әуе қақпасы келесі конкурстың нәтижесі 3 қарашада шығарылады. Оған дейін өтінімдер қабылдау жалғасады. Жекенің қолына өткелі тұрған нысанның сатылуына қатысты SCAT әуе­компаниясы тарапынан сотқа арыз түскен.

Мақсұт ИСАХОВ, Шымкент қаласы әкімінң орынбасары: «Біз ешкімді шектемейміз. Негізі заң талаптарына сай тасымалдау компаниясы мен әуежайды сенімгерлік басқаруға алатын бірге болмауы керек. Әйтпесе ығыстыру болуы мүмкін. Алайда, біз мейлі ол Скат болсын, басқа компания болсын ешкімді шектеп жатқан жоқпыз».

Мақпал Рысбаева