Шымкентте карантиндік шектеу тағы да ұзартылды

125

Шымкентте карантиндік шектеу тағы да ұзартылды. Бұл туралы бүгін қалалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті өкілдері мәлімдеді.

Қаулыға сәйкес азық-түлік жәрмеңкелерінің жұмысы күшейтілген санитариялық режимде жұмыс істейді. Ал кинотеатрлардың, цирктің, сауда үйлеріндегі балалардың ойын алаңдарының, мұз алаңдарының, батуттар мен фудкорттардың жұмысына тыйым салынып отыр.

Демалыс және мереке күндері жабық азық-түлік пен азық-түлік емес базарлардың қызметі тоқтатылады. Санитарлар алдағы уақытта қаладағы эпидемиялық ақуал нашарласа, карантин шектеулері қатаңдатуы мүмкін екенін айтады.

Болат НҰРМАНОВ, Шымкент қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті бөлім басшысы: «Қаулы эпидемиологиялық жағдай нашарласа, шектеу шараларын қайта қарайтын боламыз, күшейтілуі мүмкін. Жәрмеңкенің жұмысына да санитарлық талаптарға сай ұйымдастырылуы керек. Дезинфекциялық тюннельдер орнатылып, саудагерлер арақашықтық сақтап, медициналық маскалар мен қолғаптар киюі керек».

Мақпал РЫСБАЕВА