Úı ANONS Шымкентте көмірдің бір тоннасы  — 14 500 теңге

Шымкентте көмірдің бір тоннасы  — 14 500 теңге

401

Шымкентте көмірдің бір тоннасы  — 14 500 теңге

Шымкентте қатты отынға сұраныс төмендеген

«Күн суытқанымен, көмір мен ағаш-отынның саудасы мәз болмай жатыр»,- дейді  шымкенттік сатушылар

Мұнда  бір қап көмірдің бағасы -700 теңге, ал ағаш-отынды 300-400 теңге сатып аласыз.Осында сатушылардың айтуынша, қатты отынды жеке сектордағы тұрғындар моншасына сатып алады. Бүгінде  отын базаларында көмірдің бір тоннасы- 14 500 теңгеден босатылуда.

Мұнда қатты отын кәсіпорындарға және жылыжайлары бар шаруа қожалықтарына сатылуда. Соңғы жылдары  жеке сектордағы  тұрғындардан қатты отынға деген сұраныс төмендеген.

 

Өйткені, тек  Шымкент қаласы  аумағындағы  тұрғын алаптары ғана емес, Түркістан облысындағы  ауылдар  да  қарқынды газдандырылуда.

Шынар Оразова

 

×