Шымкент қалалық білім басқармасының берген мәліметі бойынша басқармаға қарасты мектеп, балабақшалар жылыту маусымына толық дайын.
Биыл жылыту жүйелерін жөндеу және қысымдау жұмыстарына 67 млн-нан астам қаржы бөлініпті. Бүгінде 244 мекеменің 120-ы орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған болса, дербес қазандықтан 124 мекеме жылытылады.
Жылыту жүйесі қатты отынмен жұмыс істейтін мекеме саны 17 /№60,67.73,83.84.91,106.110.111,113.117.118,122,124,125/, сұйық отынмен жылтылатын мектептердің саны- 3 /№49,№95 жом, №10 бала-бақша/.
Естеріңізге сала кетейік. Шымкентте 133 мектеп,79 балабақша, 9 қосымша білім беру мекемелері бар.
Шынар Оразова