Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша тренинг өтті

327

Сыбайлас жемқорлықа қарсы бүкіл қоғам болып жұмылғанда ғана жеңуге болады. Сол үшін бүгінде қоғам індетіне қарсы тұру үшін түрлі басқосулар өткізілуде. Бүгін Түркістан облысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру негіздері» тақырыбында онлайн тренинг өтті.

ZOOM платформасы арқылы онлайн режимде өткізілген оқыту семинарына үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері қатысты.  Адал қоғам қалыптастырудың негізгі бағыттары мен басымдықтары бойынша білікті мамандар тарапынан ақпарат берілді.

Облыс орталығының азаматтарына өткізілген ақпараттық жиынға қазақстандық белгілі саясаткер Зәуреш Батталова, құқық қорғаушы, «Eurasian Expert Council» ҚҚ басқарма төрағасы Шыңғыс Лепсібаев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай спикерлік етті.

Интерактивті карта, жобалық менеджмент және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат бағыттары бойынша мәлімет берді.

Мирас Қарғабай, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары: «Ағымдағы жылдың 6 қазан күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына енгізілген жаңашылдықтармен таныстыру өткізілуде пара алу, пара беру, пара ұсыну, делдал болу сынды құқықбұзушылықтарына жол бермеу – әрбір ел азаматына жүктелген ортақ міндет».

Қоғам індетін біріге отырып жеңу үшін бірқатар ұсыныстар ортаға салынды.