Төтеншеліктер қыс маусымына дайын

133

Шымкентте Төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс орталығында қыс кезеңіне дайындық бойынша брифинг өтті.

Департамент басшысының орынбасары Мадияр Жақсыбаев қыс мезгіліндегі жол-пайдалану техникасы, авариялық құтқару жұмыстарының дайындығы, зардап шеккен адамдарды қабылдау бекеттерінің бүгінгі жағдайын баяндады. Қыс мезгілінде көшелерді қардан тазалау мен көшелерге құм себу жұмыстарына 182 техника, 670 жеке құрам дайындыққа келтірілген.

Мадияр Жақысбаев, Шымкент қаласы бойынша төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары: «Көк тайғаққа қарсы инертті материалдардың қоры 17 мың куб құм, 5 мың тонна тұз жасалды. Жалпы қыс мезгілінде 32 бағытта ұзындығы 1 мыңнан астам шақырымды құрайтын 299 көшеде жұмыстар жүргізіледі».

Шынар Оразова