Жеңімпаздар есімі белгілі болды. Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаметі осыдан бір ай бұрын өздерінің қызметі жөнінде журналистер арасында байқау жариялаған болатын.
Бүгін бірқатар номинациялар бойынша жеңіске жеткендер белгілі болды. Марапатталғандардың арасында біздің медиахолдингтің тілшілері де бар.
Құтқарушылар күніне арналған салтанатты марапаттау жиынында қаз- қатар тізілген сапта Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы, өрт сөндірушілер мен құтқарушылар ғана емес, журналистер, редакторлар мен операторлар да бар. БАҚ өкілдері байқаудың жеңімпаздары атанды.
Тілсіз жау – отты ауыздықтауда өрт сөндірушілердің іс-қимылы, айналаң өртке оралғанда қорқынышты жеңе білу, жалпы олардың қызметінің қыр-сырын 20 минуттық репортажда баяндаған тілші Алиса Бойко «Телебағдарлама» номинациясында үздік атанды. «Жылдың басынан «Отырар» телеарнасының эфирінен «Настоящая работа» «Нағыз жұмыс» бағдарламасында түрлі маман иелерінің жұмысымен көрермендерді таныстырдық. Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің Тоғыстағы құтқарушылардың жұмысы жайлы толықметражды репортаж түсірген едік. Жұмысқа баға берілгені үшін рахмет. Сала мамандарын кәсіби меркелерімен құттықтап, атқарып жатқан жұмыстарына алғысымыз шексіз» дейді тілші.
Арнамыздың тағы бір тілшісі Шакир Умаров өрт сөндірушілер, құтқарушылармен және де сүңгуірлермен тәулік бойы байланыста. «Шұғыл шақырылым» бағдарламасының тілшісі құтқару тобы мамандарының ерлігіне үнемі таң қалады.
Үсен Рахматуллаев, құтқарушы: «Қызмет еткеніме 6 жыл болды. Біздің жұмысымызды біреулер түсінбейді. Жұмысмыз ауыр, төтенше жағдайлар әр түрлі болады ғой. Біздің міндетіміз адамдарды құтқарып, шығынның көлемін азайту».
Айта кетейік, Қазақстанның азаматтық қорғаныс органдарына – биыл 25 жыл. Осы ширек ғасырда төтенше жағдай кезінде қауіпті аймақтардан қаншама адамдар құтқарылды.
Шынар Оразова