Төтеншеліктерге 31 жаңа көлік табысталды

245

Шымкентте төтенше жағдай қызметкерлеріне су жаңа 31 көлік табысталды. Беларуcсиядан әкелінген техниканың үшеуі бұрын-соңды шаһарда болмаған. Осылай деген сала мамандары енді қиын жұмыстарының аз да болса, жеңілдегенін айтады. Айта кетейік, ол үшін қала бюджетінен 4 млрд. 300 млн. теңге бөлінген.

Биыл елдегі азаматтық қорғау органдарының құрылғанына — 25 жыл. Осыған орай, Шымкенттегі сала қызметкерлерін қала әкімі құттықтады. Және төтенше жағдай туа қалғанда бірінші болып іске кірісетін мамандарға жаңа техникалардың кілтін табыстады. Айта кетейік, үшінші мегаполиске Беларусиядан жеткізілген көліктердің жалпы саны — 31.

Жаңа көлік кілтін алғандардың бірі — Нұрбек Таукеев. 22 жылдан бері өрт сөндіру қызметінде жүрген ол осыдан 4 жыл бұрын мұнай базасы өртенгенде ерен ерлігімен көзге түскен. Тіпті өрттің ең үлкен ошағын сөндіріп, Президент қолынан төсбелгі алыпты. Енді міне, ол басқаратын жасақ жаңа көлікке ие болды.

Нұрбек ТАУКЕЕВ, мамандандырылған жасақ бастығы: «Біздің жұмысымыз ешқашан жеңіл болмаған. Бірақ, мынау техниканың арқасында дер кезінде халыққа қызмет көрсетуге мүмкіншілігіміз болады. Адамдарды құтқаруға, өрттерді сөндіруге, авариялық құтқару жұмыстарымызды жасауға».

Жалпы қаладағы төтенше жағдаларй департаментінде 98 көлік құралы бар. Оның 17-і өткен жылы қатарға қосылған. Осылай деген департамент бастығы жаңадан жеткізілген 31 көліктің үшеуі Шымкентте бұрын-соңды болмағынын айтады.

Нұрболат ДЕРБІСОВ, Шымкент қалалық ТЖД бастығы: «Түтінді соратын, судан құтқаратын техникалар, тез қимылдайтын техникалар бар олар бұрын-соңды болмаған. Бірінші рет болып тұр. Біздегі норматив бойынша тиісті жұмыстар жасайтын боламыз».

 

  Назерке Үкібасова