Бүгін «Түркістан» ӘКК ұйымдастырған пресс-тур мен брифингісі барысында БАҚ өкілдеріне ӘКК агроөнеркәсіптік кешен, туризм, құрылыс және қайырымдылық салаларындағы жүзеге асырып жатқан әлеуетті жобаларымен таныстырылды.

Пресс-тур аясында қатысушылар жобалардың іске асырылу барысын және ауқымын өз көздерімен көріп, «Түркістан» ӘКК» АҚ  жауапты өкілдері мен әріптес-инвесторлардан сұхбат алды. Өткізілген пресс-турның қорытындысы бойынша ӘКК басшыларының, Түркістан облысы әкімінің орынбасарының және өңірдің экономика құрушы кәсіпорындары басшыларының қатысуымен брифинг-«дөңгелек үстел» өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – ӘКК-нің өз қызметі шеңберінде барынша ашықтығын қамтамасыз ету. ӘКК Басқарма Төрайымы Айгүл Төлеуғазықызы өз сөзінде БАҚ өкілдері мен серіктестерге Түркістан облысында ӘКК-нің жүзеге асырып жатқан және әлеуетті жобалары туралы егжей-тегжейлі ақпарат берді.

Таныстырылым барысында Басқарма Төрайымы қатысушылардың назарын әр жоба бойынша негізгі тармақтарына тоқталып, іске асыру жолдарын түсіндірді, сондай-ақ, ӘКК мен инвесторлардың жобалардағы қатысу үлесін атап өтті.

Брифинг соңында қатысушылар өзара сұрақтар мен жауаптар алмасып, БАҚ өкілдері өздерінің қызыққан сұрақтарына жауаптар алу мүмкіндігіне ие болды.