Түркістан: «Егінжай күні» далалық семинар-кеңесі өткізілуде

280

Түркістан қаласында жыл соңына дейін жаңбырлатып суғару технологиясы 2 мың га ұлғайып, 13 мың га дейін жеткізіледі және құны 23,2 млрд. тенгені құрайтын 6 ірі инвестциялық жобаларды іске асыру қолға алынған.

Ауыл шаруашылығы саласында алдыңғы қатарлы технологияларды қолдана отырып, халықты жұмыспен қамту мақсатында іске асырылатын жаңа жобалар жайлы «Егінжай күні» атты облыстық семинар-кеңесте кеңінен айтылды.

Ашық аспан астында өтіп жатқан жиынға Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшы орынбасары Т.Оспанов, «Түркістан» ӘКК» АҚ өкілдері, аудан, қала ауыл шаруашылығы бөлімдерінің басшылары, ғылыми институт басшылары, ғалымдар, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысуда.


Түркістан қаласы аумағында азық-түлік белдеуін қалыптастыру аясында 1458 шаруа қожалықты 9 кооперативтерге біріктіріп, 11 мың га алқапта жаңбырлатып суару технологиясын ендіруді көзделген. Бүгінде 892 га жерге 21 бірлік жаңбырлатып суғару машиналары орнатылды.

Жаңбырлатып суғару технологиясының тиімділігі ағын суды 2 есеге үнемдеп, өнімділікті 3-4 есеге арттыратындығы ғылыми дәлелденген. Аталмыш технология Түркістан қаласының аумағындағы 1 200 басқа арналған тауарлы-сүт фермасы, 10 мың басқа арналған ірі қара малды бордақылау кешенін құру жобасында, 20 мың тонна құс етін өндіретін және 400 га жерге қара өрік отырғызу жобаларында кеңінен жүзеге асуда.


Түркістан қаласының азық-түлік белдеуінде тұрақты азық базасын құру үшін бірқатар инновациялық технологиялар енгізілмек. Семинар-кеңесте «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ» ғалымдары енгізген жем базасын құру үшін жоңышқа және басқа жем-шөп дақылдарын өсірудің, бидай және жүгеріні (дәндік, сүрлемдік) өсірудің инновациялық технологиясы жобалары агроқұрылымдарға жан-жақты таныстырылды. Тәжірибе алмасып, ғылыми институттар мен шаруалар алдағы уақытта бірлесе жұмыс атқаруға қызығушылық танытуда.