Түркістан: Көгал орнына жерді жасыл түске бояғаны рас па?

591

Әлеуметтік желіде «Түркістан қаласында жер алқаптары жасыл түске боялуда» деген ақпарат таратылуда. Видео авторының сөзінше, жұмысшылар көгал шөпті отырғызудың орнына жерді жасыл түске бояп жатыр екен.

«Міне, көріңіздер, жерді жасыл түске бояп жатыр. Осыны ойлап шыққандарын қара», дейді автор.

Алайда Түркістан қаласының әкімдігі бұл ақпаратты жоққа шығарды. Бейнематериалдағы көрініс көгалды отырғызуда пайдаланған жаңа технология екен.
Жанерке Жарылқасын, Түркістан қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы: «Көгалды гидравликалық себу- бүгінгі күнге ең тиімді технология болып есептеледі. Ол өсімдіктің бірыңғай тез жетілуіне мүмкіндік береді. Мұндай әдіс қаладағы саябақ, гүлзарларда пайдаланылды».

Бұл ақпаратты дәлелдеу үшін Түркістан қаласының әкімдігі редакциямызға фотосуреттер жіберді. Гидравликалық себудің ерекшелігі гидравликалық қоспа тұқымдар, тыңайтқышпен біріктіріліп сұйық түрде жердің бетіне шашылады екен. Осының арқасында тұқымдар бір қалыпты себіліп, көгал бір уақытта жетілетін көрінеді.

Шынар Оразова