Түркістан облысында алғаш рет педофилдерге химиялық кастрация жасалды. Олар 24 және 27 жастағы азаматтар. Екеуі де кәмелет жасына жетпеген балаларға азғындық жасады деген айыппен 2019 жылы сотталған.
Осыдан 3 жыл бұрын енгізілген жаңа заңға байланысты оларға химиялық кастрация жасалды. Айта кетейік, бұл қос азаматқа салынған препараттың соңғысы емес. Түрме жауаптыларының сөзінше химиялық кастрация оларға енді екі апта сайын жасалмақ.
Аты-жөнін айтудан бас тартқан бұл азамат осыдан бір жыл бұрын кәмелет жасына толмаған қызға азғындық жасады деп сотталыпты. 15 жылға бас бостандығынан айырылған 24 жастағы жігіт қазір жазасын Түркістан облысындағы ИЧ167/9 мекемесінде өтеп жүр. Ал, өткен аптада оған химиялық кастрация жасалды. Осыдан кейін денсаулығым сыр берді деген азамат орнынан тұрудың өзі азапқа айналғанын айтады.
Жазасын өтеуші: «Менің басыма бергенді ешкімнің басына тілемеймін. Қазір өте қиналып отырмын. Кастрациядан кейін ауырып қалдым. Әлсізденіп, жұмысқа да шыға алмай жатырмын. Тек түрменің ішінде отырмын. Жүрегім шаншып, бауырым ауыратын ол одан сайын ауырып кетті. Салған аяғым тіпті, ұйып қалды. Бұл менің болашағыма зиян келтіретін сияқты. Биліктегілерден, қатаңдатылған заңды жеңілдетуді сұраймын».
Айта кетейік, Түркістан облысында химиялық кастрация алғаш рет жүзеге асты. Оның бірі жоғарыда атап өткен кейіпкеріміз болса, екіншісі 27 жастағы сотталушы. Ол осыдан екі жыл бұрын туыстарына зәбір көрсетті деп айыпталған. Алдағы 16 жылын Ленгір қаласында түрмеде өткізеді. Айта кетейік, қос сотталушы да өз кінәсін мойындамайды.
Жазасын өтеуші: «Түркістан облысы сотының төрағасының өзі кастрацияны заңсыз деп алып тастады. Мұны алдында психологтар шешімімен шығарған. Онымен мен дұрыс сөйлескен де жоқпын. Бір рет көргенім болмаса. Содан кейін кастрация ілді. Ештеңе де түсінгенім жоқ».
Ал, ИЧ 167/9 мекемесінің басшы орынбасары болса қос азаматқа жасалған химиялық кастрацияның бұл соңғысы емес дейді. Сөздерінше енді педофил деп айыпталған сотталушыларға препарат екі апта сайын салынбақ.
Қаһраман Абдраманов, Түркістан облысы ИЧ 167/9 мекемесі басшысының тәрбие жөніндегі орынбасары: «Енді оларға бұл препарат екі апта сайын салынады. Ал, өздері бұл шешіммен келіспей отыр. Сөздерінше, кастрация салынғаннан кейін денсаулықтары қиындаған. Отырып тұрудың өзі мұң дейді».
Айта кетейік, ИЧ 167/9 мекемесі қатаң тәртіптегі түрме. Мұнда жазасын аса ауыр қылмыс жасағандар өтейді. Бүгінде мекемеде 400-ден астам сотталушы жатса, оның 78 педофилдер.
Назерке Үкібасова