Түркістанда «Абай мектебі» ашылмақ

278

«Түркістан Қазақстан жазушыларының ордасына айналуы керек». Бұл туралы аймаққа арнайы келген еліміздің зиялы қауым өкілдері айтты.

Облыс әкімінің орынбасарымен кездескен олардың ұсынысы мұнымен бітпейді. Сондай-ақ, мәдениет өкілдері күнгейде «Абай мектебін» де ашуға кеңес берді. Және Сайрамдағы сансыз бабты қайта жаңғыртып, Саурандағы кәріз құбырын зерттеуді алға қойып отыр.

Келген қонақтар сөзімен Сәкен Қалқаманов толықтай келісіп отыр. Және айтылған ұсынысты қараусыз қалдырмайтынын жеткізді. Кездесуден кейін зиялы қауым өкілдері мен аймақ жауаптылары Абайдың жаңа ескерткішіне арнайы барды.

Назерке Үкібасова