Түркістан қаласын дамыту тұжырымдамасы шеңберінде облыс орталығында ақпараттық-мультимедиялық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған жоба жүзеге асырылуда. Жоба бойынша 215 жарнамалық құрылымды 3 кезеңде орнату жоспарлануда. Бүгінгі күні серіктес-инвестордың есебінен жалпы сомасы 400 млн. астам теңгеге 34 жарнамалық құрылым орнатылып, жобаның бірінші кезеңі аяқталды.
Келешекте қалалықтар, қонақтар, туристер LED экраны арқылы түрлі мәдени-спорт шараларын тамашалауға мүмкіндік алады. Гүлдер саябағында орнатылған жарнамалық құрылым қаланың келбетіне ерекше көрік беріп тұр.
Шынар Оразова