Түрмедегі туысына манты ішіне ұялы телефон салып кіргізбек болған. Бұл туралы Түркістан облысы ИЧ 167/9 мекемесінің басшылығы мәлімдеді.

Сөздерінше, телефонмен қоса жақындары жазасын өтеушіге телефон чипін де жібермек болған. Бұл осыдан бір ай бұрынғы жағдай.

Ал, күні кеше тағы бір сотталушының туысы сәлем сауқат ішіне тыйым салынған зат салып жібергені анықталды. Белгілі болғандай сәлем-сауқатпен жеткізілген 3 литрлік кока-кола сусынынан спирттік ішімдік анықталған. Қала берді спорттық аяқ киім ішіне 20 мың теңге салып жіберген екен. Енді олардың бұл әрекеті заңмен жазалануы мүмкін.


Назерке Үкібасова