Ұлы ақын Абай мен Әл Фарабидің мерейтойына орай келер айда Түркістанда ескерткіш орнатылады

57

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Аюпов Рашид Абатұлы Түркістан қаласының даму қарқыны мен атқарылып жатқан жұмыстар барысы бойынша брифинг өткізді.

Түркістан қаласында қазіргі таңда инфрақұрылым, жол, құрылыс, газдандыру және басқа да маңызды салаларға басымдық берілген. Жыл соңына дейін газ құбырлары қалада толық жүргізіледі. Дегенмен, газдандыру жұмыстары карантин режиміне байланысты бір айға кешігуде. Оған қарамастан, жұмыстар ширатылған. Осы тұста әр үй газды қосуға дайын болу керектігін шаһар басшысы ерекше айтып өтті.

Өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев облыстың әр аудан-қалаларында жыл сайын 10 аллея салуды тапсырған болса, облыс орталығында 8 айда 13 аллея бой көтерген. Ал, қаланы көгалдандыру мақсатында 15 қазаннан бастап ағаш отырғызу маусымы басталады.

Сонымен қатар, Ұлы ақын Абай мен Әл Фарабидің мерейтойына орай келер айда шаһарда ескерткіш орнатылады. Одан өзге, тұрғындардан түскен өтінімдерге уақытылы жауап берілу үшін, қала әкімдігі қараша айында 109 қызметін іске қосады.
Инфрақұрылым бойынша су мен газ жүйесі осы жылы, ал, сапалы электр қуатымен қамту келер жылы, сондай-ақ, кәріз жүйесі 2023 жылға дейін толық қамтылады деп күтілуде.