Заңсыз жер қойнауын пайдаланғандар анықталды

186

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, аудан аумағындағы Бадам өзенінің жағалауында заңсыз жер қойнауын пайдалану бойынша аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен түнгі рейдтік іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында заңсыз жер қойнауын пайдаланудың бір дерегі анықталып, заңсыз жер қойнауын пайдаланған азамат ауыр жүк көлігімен ұсталды. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Е. Занкоев және учаскелік полиция қызметкері қатысты. Орын алған жағдай бойынша заңды шешім қабылдау туралы аудандық полиция басқармасына іс-құжаттары жолданды.

Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілетін болады.
Аталған мәселе қала әкімі М.Әйтеновтың жіті бақылауында болатынын және Заңсыз жер қойнауын пайдалану ҚР-ның Қылмыстық кодекс туралы заңының 334 бабына сәйкес тиісті жауапкершілікке тартылатын ескертіледі.