Заңсыз әрекет етудің соңы жақсылыққа апармайтынын білсе де, оңай олжаны құп көретіндердің қатары азаймай отыр.
Түркістан облысының тәртіп сақшылары заңсыз өнім саласындағы қылмыстардың алдын алу үшін үздіксіз жұмыс атқаруда.
Қазақстан Республикасының заңнамасының алкогольді өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу жайттарын анықтау үшін рейдтік іс-шара жүргізілген болатын. Соның ішінде Кентау қаласының полиция бөлімінің Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторларымен ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабы «Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу» бойынша 9 дерек анықталған.
Рейд барысында күндізгі сағат 11:30 шамасында Кентау қаласының азық-түлік дүкендерінің бірінде сатушы этил спиртінің көлемді үлесі 30%-дан асатын алкогольдік өнімін сауда арқылы өткізген. Осындай құқық бұзушылыққа жол бергені үшін қазіргі таңда ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабына сәйкес құжаттар жинақталып, шешім шығару үшін Кентау қалалық сотына жолданды.