Шымкент қаласындағы А.Асқаров атындағы дендрологиялық саябағында «Ecosana» сенбілігі өтті.

«ECOSANA» акциясы – қоршаған ортанының ластануына жол бермей, табиғатқа жанашырлықпен қарауды, жастардың экологиялық білімін арттыра отырып, мәдениеттілігін қалыптастыруға бағытталған ауқымды жоба.

Бүгінгі «Ecosana» бұған дейінгілерден өзгешерек. Сенбіліктің ерекшелігі – дендросаябаққа смартталған, QR-код арқылы анықтама беретін ағаш көшеттері отырғызылды.