Түркістан сарайында «Нұр Отан» партиясының Шымкент қалалық филиалының кезектен тыс 40-ші конференциясы өтті.
Шаһардағы 47 бастауыш партия ұйымындағы 35 мыңнан астам партиялықтардың арасынан сайланған делегаттар бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткерлер мен қалалық мәслихат депутаттарын таңдады. Айта кететін жәйт, қалалық мәслихат депутаттығына 9 жерлесімізді квота арқылы төраға- қала әкімінің өзі ұсынған болатын.
ҚР Парламенті Мәжіліс депутаты мандатына Шымкенттен 8 үміткер күресуде. Сайлауалды бағдарламаларын партиялас әріптестері алдында қорғаған олар сайланған бойда атқаратын жұмыстарының бағытын баяндауда. Ашық түрде өткен пікір сайысқа қаныққан делегаттар фойеде арнайы орнатылған 30 кабинада өз таңдауын жасауға мүмкіндік алды..
Мұрат ӘЙТЕНОВ, Шымкент қаласының әкімі: «Мен әкім болған соң бірінші дауыс бердім таңдауымды жасадым. Жеке куәлігіммен тіркеліп, электродны жүйе арқылы таңдауымды жасадым. Өте ыңғайлы. Қаладағы 4 аудандағы партия мүшелері қазір дауыс беріп болған соң нәтижесін білеміз. Өздеріңіз байқағандай, барлық санитарлық талаптар сақталған».
Конференцияға қатарында 35 мыңнан астам партия мүшесі бар Шымкент қаласындағы 47 бастауыш партия ұйымынан 119 делегат қатысты. Саяси шара сақтық шаралары орындалып жоғары деңгейде өткеніне куә болдық. Таңдау жасауға Қаратау ауданынан бастап шаһардағы аудандардан сайланған делегаттардың дауысын көп жинаған Мәжіліс депутаттығына 4 үміткер анықталды.
Заманбек Оралбекұлы, санақ комиссиясының өкілі: «Үздік деп танылған үміткерлер Берік Оспанов- 113 дауыс жинады, Ғани Ташқараев-109, Берік Бекжанов-106 және Жадыра Таңатарова 96 дауыс».
«Көп рахмет маған сенім артып, дауыс берген әріптестеріме. Мен барлық күш жігерімді салып аянбай еңбек етемін»-дейді құттықтауларды қабыл алған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутатығына үміткер Жадыра ТАҢАТАРОВА.
Конференция барысында Шымкент қалалық мәслихатының депутат мандатына лайықты азаматтардың есімі жария етілді. Сонымен қатар, халық тағатсыздана күткен қала әкімінің квотасы бойынша қалалық мәслихатқа депутат болған 9 азамат белгілі болды.
Бахадыр НАРЫМБЕТОВ, «Нұр Отан» партиясының Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары: «Төрағаның квотасы бойынша- Бахадыр Нарымбетов, Анарметов, Айжан Наимбекова, Сейітжанов Бақытжан, Жұмағұлова Айгерім, Қыдырбаев Бақыт, Қуатбаев Ермаханбет, Қуандық Сұлтанғали, Орынбеков Арман. Тізім бойынша дауыс бересіздер ме? Ия. Қарсы? Жоқ. Бірауыздан қабылданды».
Делегаттар «Нұр Отан» партиясының 20 съезіне Шымкент қаласынан қатысатын 20 делегаттың тізімін бекітті. Естеріңізге сала кетейік, сайлау 10-шы қаңтарға белгіленген.
Шынар Оразова