2020 жылдың 25 қараша күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті Орталық Ланкашир университетімен (Ұлыбритания) бірлесе отырып, «Жетіасар» галереясында ұлттық нақыштағы шығармашылық онлайн-көрме өткізді. Көмені универсиеттің Қоғаммен байланыс және мәдениет жөніндегі проректоры, п.ғ.д., ҚР Суретшілер және Дизайнерлер одақтарының мүшесі С.Қ.Бейсенбаев ашты. Көрмеге 45 студент пен оқытушылардың кескіндеме, сәндік өнер және киім дизайны саласындағы шығармашылық жұмыстары қойылды. Көрме жұмысын «Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасының аға оқытушысы п.ғ.к., Ш.Е.Рсмаханбетова таныстырды.

Көрме жұмысын ТМД елдері мен алыс шетелдерден жүзден астам қатысушы онлайн түрде тамашалады.

Орталық Ланкашир мемлекеттік университеті 1828 жылы құрылған, Ланкашир графтығының Престон қаласында орналасқан. 2020 жылдың қазан айында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті мен Орталық Ланкашир университеті арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды, оның мақсаты ғылым мен білімнің басым бағыттары бойынша ынтымақтастық болып табылады.

Екі оқу орнының өзара ынтымақтастығының жалғасы ретінде шетелдік ғалымдарды виртуалды тарту бағдарламасы аясында ақын, аудармашы, Орыс тілі мен мәдениетін зерттейтін Владимир Высоцкий атындағы ғылыми-зерттеу орталығының директоры, Орталық Ланкашир университетінің (Престон, Ұлыбритания) русистика кафедрасының меңгерушісі Ольга Табачникова «Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасына онлайн дәрістер мен шеберлік сыныптарын өткізуге М.Әуезов атындағы ОҚУ-не шақырылды.