Қазақстанда әрбір бесінші бала семіздікке ұшыраған

167
фото Tengrinews.kz

«Қазақстанда әрбір бесінші бала семіздікке ұшыраған». Осылай деген Сенат депутаттары дабыл қағып отыр.

Сөздерінше бұған телеарнада көрсетілетін түрлі жарнамалар кінәлі. Бала ағзасына зиян тағамдар отандық арналардан жылына 10 мың рет жарнамаланады екен.

Кесірінен тұз, қант, майлы тағамдарды көп тұтынған балақайлар арасында қант диабеті де көбейіпті.

Айта кетейік, жарнамаланатын тағамдардың басым бөлігі шоколад, чипсы, тез дайындалатын тағамдар мен энергетикалық сусындар екен.

Назерке Үкібасова