Қазақстанда коронавирустан 375 бала емделіп жатыр

150

Қазақстанда коронавирустан 375 бала емделіп жатыр. Осылай деп мәлімдеген денсаулық сақтау министрлігі жалпы вирус жұқтырып, ауруханада жатқан қазақстандықтар саны жеті мыңнан асқанын айтады.

Ковид белгісі бар пневмониямен ауырғандар да азаймай тұр. Ел ішінде пневмониялық вирус жұқтырғандар 39 мыңнан асқан. Науқастардың 409 қайтыс болыпты. Ал, өткен тәулікте індет тағы 46 азаматтан анықталған.

Айта кетейік, бүгінде ковид-19 жұқтырған 190 адамның жағдайы нашар. Оның 20-ның халі аса қатты ауыр деп бағаланса, 27-сі өкпені жасанды желдету аппаратына таңылған.

Назерке Үкібасова