Биыл Қазақстанда инфляция 7 пайызға артқан. Бұл туралы бүгін өткен үкімет отырысында айтылды.

Ведомства басшыларының сөзінше соңғы айда несие алушылар да көбейген. Қыркүйекпен салыстырғанда қазан айында халық несиесі 2 пайызға артыпты. Ал, 7-20-25 бағдарламасы бойынша үй алуға бір ай ішінде 25 мыңнан астам өтініш түскен.

Биыл Қазақстанда инфляция 7 пайызға артқан. Кесірінен елде несие алушылар да көбейіпті. Қыркүйек айымен салыстырғанда қазан айында қазақстандықтардың өсімақы алуы екі пайызға өскен. Осылай деген үкімет мүшелері теңгенің тағдырына алаңдаулы. Себебі жаңа президенттің жайғасуымен АҚШ доллорының да құбылуы мүмкін екен.

Ерболат ДОСЕВ, ҚР Ұлттық Банкінің басшысы: «Әлемде экономикалық дағдарыстың жаңа кезеңіне кіруі және сыртқы нарықтарды белгісіздік АҚШ доллорының индексінің өсуіне алып келді. Бұл алтын және дамушы елдер волюталарына әсер етті. Ағымдағы жылдың 9-қарашасында АҚШ доллоры индексінің төмендеуі және АҚШ-тағы президенттің сайлау аясында алтын 1 унция үшін 1803 АҚШ доллорына дейін арзандады».

Осылай деген ведомства басшылары дағдарыс қауіпінің тек Қазақстанға емес әлемге төніп тұрғанын айтады. Мәселен жыл басынан бері жаһандағы сауда 7,5 пайызға төмендеген. Бірақ, бұл Қазақстандағы тауарлар өндірісінің дамуына септігін тигізген екен. Айта кетейік, биыл елдегі өндіріс 10 пайызға артқан.

Руслан ДӘЛЕНОВ, ҚР Экономика министрі: «Өңірлердің көбінде өнеркәсіп өскені байқалады. Ең жоғары өсуді Қостанай, Ақмола, Солтүстің Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары көрсетті. Алты өңірде төмендеу тіркелді. Олар Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Шығыс Қаз, Түркістан облыстары, сондай-ақ Шымкент қаласы».

Өнеркәсіп өндірісі бойынша Қазақстанда Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары көш бастап тұр. Ал, көш соңында Түркістан облысы мен Шымкент қаласы жайғасқан. Есесіне оңтүстік аймағы құрылыс пен инвестиция тарту бойынша ешкімге дес берер емес. Биыл аймақтағы бұл салалар 70 пайызға артқан.

Мұрат ӘЙТЕНОВ, Шымкент қаласының әкімі: «Ағымдағы жылдың 10 айында бірқатар көрсеткіштердің өсіміне қол жеткізілді. Атап айтқанда ауылшаруашылық өнім көлемі 30,8 млрд теңгені құрап 2 пайызға, инвестиция көлемі 223,2 млрд теңгені құрап, 54,7 пайызға, құрылыс жұмыстарының көлемі 87,6 млрд теңгені құрап 64, 2 пайызға көбейді».

Бұдан бөлек, өткен айда мемлекеттік бағдарламамен үй алу кезегіне тұрғандар да күрт көбейген. 5 қарашадағы көрсеткіш бойынша елдегі 25 186 тұрғын 7-20-25 бағдарламасымен үй алуға ниет білдіріпті.

                                                                                            Назерке Үкібасова