Шымкент әкімі БАҚ өкілдерімен кездесті

190

Шымкентте қала әкімдігінде бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен қатынасты қалыптастыру кеңесінің бірінші отырысы өтті.

Шараға телеарналар мен газет-журналдардың басшылары, тілшілер, шаһар әкімі Мұрат Әйтеновтен бастап қала әкімдігіне қарасты басқарма басшылары қатысты. Кеңестің негізгі мақсаты – БАҚ-ның жергілікті әкімдіктермен өзара іс- қимылы тиімділігін жоғарылату болып табылады. Мемлекеттік органдар жұмысының халыққа ашық түрде жеткізілуін қамтамасыз ету,- дейді қала басшысы.

Ақпараттандыру бағытында цифровизация, жаңа технологиялар мүмкіндіктерін кең пайдалау қажеттігі де айтылды.

Ғалымжан Елшібай, ҚР Журналистер Одағының Түркістан облыстық филиалының төрағасы: «Пандемияның бірінші толқынында кеткен кемшіліктер бізге сабақ болуы керек. Шынайы ақпарат тарату, сол үшін екінші толқын бола қалған жағдайда онлайн конференциялар өткізу бойынша ұсынысым бар».

Кеңестің алғашқы отырысында басқарма басшылары өз салалары бойынша атқарылған жұмыстармен таныстырып өтті. Кездесу екі тарапқа да пайдалы және де конструктивті болғанын жиынға қатысқандар атап өтті.

Шынар Оразова