Түнгі ауысымдағы жұмысқа жіберсе…

250

Мұндай жағдайда ерекше баланың ата-анасында түнгі ауысымдағы жұмыстан бас тарту құқығы бар.
Дереккөз: ҚР Еңбек кодексінің 76-бабы

Жұмыстағы түнгі ауысым
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 76-бабы бойынша:
* Түнгі жұмыс уақыты деп 22:00 – 06:00 аралығы саналады.
Түнгі ауысымдағы жұмыстан босатылатындар:
ҚР Еңбек кодексінің 76-бабына сәйкес:
* Кәмелет жасына толмаған жұмысшылар;
* Жүктілігі туралы анықтамасы бар жүкті әйелдер.

Мүмкіндігі шектеулі жұмыскерлерді өздерінің жазбаша келісімімен ғана түнгі ауысымдағы жұмысқа жіберуге болады. Бұған қоса жұмыс медициналық қорытындыға сәйкес олардың денсаулығына зиянын тигізбеуі тиіс.

Жұмыс беруші мына санаттағы жұмысшыларды жазбаша келісімсіз түнгі ауысымдағы жұмысқа шақыра алмайды:
* 7 жасқа дейінгі баласы бар әйелдер және 7 жасқа дейінгі баланы анасынсыз тәрбиелеп жүрген басқа да тұлғалар;
* 16 жасқа дейінгі ерекше баласы бар жұмысшылар.
(ҚР Еңбек кодексі, 76-бап)

Айта кететін жайт: түнгі ауысымдағы жұмыстың әр сағатына, еңбек немесе ұжымдық келісім-шартқа сай, көтерме еңбекақы төленеді. Оның көлемі жұмысшының күндізгі жұмыс сағаты ақысының 1,5 есе мөлшерінен кем болмауы тиіс. (ҚР Еңбек кодексі, 110-бап)

Нұрлан Бектаев, 

«Тұлға. кз» жобасы

«Оңтүстік Рабат», №47, 19 қараша 2020 ж