Түркістанда енді лимон өсіруді үйрететін арнайы курстар ашылады. Жаңа оқудың жұмыс бастауына қаладағы кәсіпкер түрткі болған.
Нұрсұлтан Жүсіпбаев цитрусты жеміс өсіруді бірнеше жыл бұрын бастаған. Содан бері жұмысы алға басқан бизнесмен 1 гектар аумаққа 2200 түп лимон көшетін екенін айтады. Нәтижесінде өткен жылы өнім 4 тонна болса, биыл 12 тоннаға жеткізуді жоспарлап отыр.
Нұрсұлтан ЖҮСІПБАЕВ, кәсіпкер: «Лимон ағашының күтіміне айрықша көңіл бөлініп өсірілген жағдайда бір түбі 150-200 келіге дейін өнім береді. 1 келі лимонның көтерме бағасы 1000 теңгеге дейін бағаланады. Бұл 3-4 жылдың шығынын өтеуге және табысқа кенелуге жеткілікті. Сұранысқа ие өнім негізінен ішкі нарықта саудалануда»
Айта кетейік, бір түп лимон ағашы 150-200 келіге дейін өнім береді. Ал, 1 келі цитрусты жемістің құны 1000 теңге. Осылай деген кәсіпкерлер палатасының директоры енді аталған бизнесті оқытуды қолға алмақ. Себебі лимон өсіруге икемді мамандар тапшы екен.
Назерке Үкібасова