3 қазанда ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Түркістан қаласын дамытудың жаңа бас жоспары қаралды. Отырыста Түркістан облысының әкімі Ө. Шөкеев пен индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қ. Өскенбаев баяндама жасады.
— Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тарихи бастамасы мен шешімінің арқасында түркі әлемінің мәдени-рухани астанасы ретінде қасиетті Түркістан қаласын дамытуға үлкен серпін берілді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Түркістанның дамуына ерекше көңіл бөледі. Қазіргі таңда Түркістан қаласы Қазақстанның рухани жаңғыруының символы мен ел мақтанышына айналды, — деді А. Мамин.
Облыс орталығы Түркістанға көшірілген күннен бастап қаланың негізгі капиталына шамамен 400 млрд теңге инвестиция бағытталды.
Жаңа бас жоспарға сәйкес қала аумағы 3 мың гектарға жуық ұлғайды.
Халық саны 165 мыңнан 176 мың адамға дейін өсті. 2025 жылға қарай шамамен 250 мың, ал 2035 жылға қарай 350 мың адам болады, деп болжанып отыр.
Асқар Мамин Түркістанды дамытудың жаңа бас жоспары белсенді дамып келе жатқан қаланың барлық қажеттіліктерін ескеретінін және оның тұрғындары мен қонақтары үшін толыққанды жайлы орта құруға жол ашатынын атап өтті.
Жоспар қаланың және Түркістан облысының атқарушы органдарымен, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдармен келісілді.
Қала инфрақұрылымын дамытудың барлық егжей-тегжейлі схемалары әзірленді. Премьер-Министр бекітілген жоспардың барлық жобаларын жүзеге асыруды тапсырды.
Бас жоспарға сәйкес:
Бастапқы қала аумағы – 19 627 гектардан қала шекарасына өзгерістер енгізу арқылы жобалау аумағы 22 370 гектарға өзгертіледі.
Бас жоспар жобасында келесі жобалық кезеңдер қабылданған:
– бастапқы жыл – 2018 жыл
– бірінші кезең – 2025 жыл
– есептік мерзім – 2035 жыл.
Қала халқы 2018 жылы 165 мың адамды құраса, бүгінгі таңға 176,2 мың адамды құрайды.
Бас жоспарда:
– 2025 жылға – 250,0 мың адам;
– 2035 жылға – 350,0 мың адам;
– 2050 жылға – 500,0 мың адам тұрғыны жоспарланған.
Қаланың жобасы негізінен келесідей функционалдық аумақтарға бөлінеді:
– Әкімшілік-іскерлік орталық;
– Рухани-мәдени орталық;
– Қалыптасқан тұрғын аудандар;
– Жаңа құрылыс аудандары мен алаңдары;
– Өндірістік аймақтар;
– Табиғи-рекреациялық аумақтар.
ӘКІМШІЛІК ІСКЕРЛІК ОРТАЛЫҚ
Бас жоспарда қаланың шығыс бағытында жаңа әкімшілік-іскерлік орталық (ӘІО) көзделген. Әкімшілік-іскерлік орталық 1450 га аумақты қамтиды.
Бұл аумақта тұрғындарға арнап, білім беру, денсаулық сақтау, мәдени және спорт нысандары, халыққа қызмет көрсету орталықтары, тұрғын үй кешендері, әкімшілік ғимараттар кешені, бизнес орталықтары, компаниялардың кеңселері, банктер және т.б. нысандарды орналастыру көзделген.
Бүгінгі таңда, әкімшілік іскерлік орталығында жоспарланған 14 нысан толық аяқталып, қала келбетіне сәулеттік дизайн беруде.
Әкімшілік-іскерлік орталық — 14 нысан
– Облыс әкімдігінің ғимараты
– Басқармалар үйі ғимараты
– Департаменттер үйі ғимараты
– Халыққа қызмет көрсету орталығы — Павлодар облысы
– Музыкалық мектебі – Батыс Қазақстан облысы
– Олимпиадалық резервке арналған спорт мектебі – Солтүстік Қазақстан облысы
– Медиа орталығы — Алматы қаласы
– Нұр-Сұлтан алаңы — Нұр-Сұлтан қаласы
– Атракционы бар қалалық саябақ — Алматы, Ақмола, Қарағанды облыс-тары
– Оқушылар сарайы — Самұрық-Қазына АҚ
– 7000 орындық стадион — Самұрық-Қазына АҚ
– Конгресс орталығы — Самұрық-Қазына АҚ
– Цифрлық кеңсе — Самұрық-Қазына АҚ
– Бассейні бар спорт кешені – Aqua Brend
2019 жылдың басына қаланың тұрғын үй қоры 3,8 млн.ш.м. құрады, оның басым бөлігі бір қабатты үй-жай түріндегі тұрғын үйлер, олардың үлесіне барлық тұрғын үйдің 92,2% келеді.
2025 жылы тұрғын үй қоры – 6,1 млн шаршы метрге (бұзу – 170,6 мың шаршы метр) дейін жетеді деп жоспарлануда.
2035 жылы тұрғын үй қоры 9,8 млн шаршы метрге дейін немесе бір адамға шаққанда 28 шаршы метрге дейін өседі деп күтіліп отыр.
МӘДЕНИ-РУХАНИ ОРТАЛЫҚ
Түркістан қаласының мәдени-рухани орталығының жалпы аумағы 290 га алқапты құрайды.
Аумақта Әзірет Сұлтан қорық мұражайы (88,7га), Керуен Сарай (22,1га), Тұңғыш Президент саябағы (38,0га), Н.Назарбаев аллеясы (Арбат), және жеке салымшылар тарапынан 3 бес жұлдызды қонақ үй сынды ірі жобалардың құрылыстары жүргізілуде.
Бүгінгі таңда, мәдени-рухани орталықтағы Бас жоспарда жобаланған 10 нысанның 6-уы толық аяқталып, қалған нысандар бекітілген жоспарға сәйкес, аяқталатын болады.
Рухани-мәдени орталық — 6 нысан
– Музыкалық су бұрқақ — Шығыс Қазақстан облысы
– Қабылдау орталығы — Жамбыл облысы
– Шығыс моншасы — Қызылорда облысы
– Амфитеатр — Маңғыстау облысы
– Неке сарайы — Қостанай облысы
– Қ.А.Яссауи мұражайы — Самұрық-Қазына АҚ
Аталған нысандар қаланың тарихи өткені мен заманауи бүгінгі түрленген келбетін көрсетеді.
Орталық қалаға келуші туристермен қала қонақтары үшін тамашалайтын негізгі туристік бағыт болады деп күтілуде.
ЖАСЫЛ ЖЕЛЕК
Жалпы пайдалану аумағындағы көгалдандыру (саябақтар, гүлбақтар, желекжолдар, тұрғын үй орамдарын, қоғамдық ғимараттарды көгалдандыру) қазіргі таңға 187 га құрайды.
Есептік мерзімге қарай 1539 га немесе 44 м2/адам құрайды, бұл нормалардан анағұрлым жоғары.
Қаланың климаттық жағдайын ескере отырып, Тұжырымдамаға сәйкес, қала сыртында көгалдандырудың үздіксіз жүйесін және Сырдария өзенінің табиғи өсімдіктер дүниесімен қосылуды қамтамасыз ететін жасыл белдеуді қалыптастыру көзделген.
Көгалдандырудың жалпы ауданы есептік мерзімге қарай – 12 973,8 га құрайды. (Елорда Нұр-Сұлтан қаласында секілді, қаланың жалпы аумағының 55%-ға жуығын қамтиды).
Бұдан басқа, қала тұрғындарын өмір сүру деңгейі мен сапасын жақсарту мақсатында қажетті инженерлік инфрақұрылым жүйелері мен талапқа сай әлеуметтік нысандар бой көтеретін болады.
Жобада 2025 жылға дейін:
– 15 мектеп және қолданыстағы мектептерге 900 орындық 3 қосымша құрылыс қаралған. Барлығы 17,2 мың оқушыға арналған.
– 5,7 мың орынға арналған қосымша 44 мектепке дейінгі мекеме қарастырылған.
– 10 денсаулық сақтау объектісі, оның ішінде аусымына 900 келушіге арналған 3 емхана қарастырылған.
Сонымен қатар, Жобада 2035 жылға дейін:
– 28 мектеп және 10 қосымша құрылыс қаралған. Барлығы 40,1 мың оқушыға арналған.
– 15,7 мың орынға арналған 53 мектепке дейінгі мекеме;
– ауысымына 3600 келушіге арналған амбулаториялық-емханалық кешеннің 9 объектісі жоспарланған.
«Оңтүстік Рабат», №45, 5 қараша 2020 ж