Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков Түркістан ҚПБ ЖПҚ учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Мамырхан Мұсахановқа «Нива» маркалы жаңа қызметтік автокөліктің кілтін салтанатты түрде табыс етті.
Өз кезегінде, генерал-майор Қ.Дәлбеков учаскелік пункттерді жаңа қызметтік автокөліктермен қамтамасыз ету тәртіп сақшыларына қоғамдық тәртіпті сақтауға, әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қылмысқа қарсы күреске, сондай-ақ халықпен тығыз өзара іс-қимыл жасауға көмектесетінін атап өтті. Аталған қызметтік автокөлік полицияның барлық талаптарына сәйкес келеді.
ҚР Президенті Қ.Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында ««Жұртқа жақын полиция» қағидаты бойынша жергілікті полиция қызметінің мейлінше тұтас реформасын жасау қажеттігі пісіп-жетілді. Осыған орай учаскелік инспектордың роліне баса мән берілетін болады. Учаскелік инспектордың мәртебесін заңнама арқылы арттырып, оның өнімді жұмыс істеуіне мол мүмкіндік берген жөн. Ол азаматтар алдында танымал, қол жетімді әрі беделді болуға, солардың құқықтарын қорғауға тиіс.», деген болатын.
Аға учаскелік инспектор Мұсаханов Мамырхан Түркістан ҚПБ қызмет көрсетілетін №9 учаскелік пункте құқықтық тәртіпті қадағалайды. Енді полицейге шақыруларға шығу мен көмекке мұқтаж азаматтарға тезірек жету оңайырақ болады.