Жетісай ауданының бюжеттік кірісі биыл 1 млрд. 441 млн. теңгеге жеткен. Аудан басшысы жоспарды асыра орындадық дейді.
Ал, бюджеттің шығыс бөлігі 30 млрд. 9 млн. теңгені құрап, жоспар 99,9 пайызға жеткен. Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ауданда атқарылған жұмыстарына есеп берді.
Айтуынша, ауданда кәсіпкерлік те өркендеп келеді. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 15 мыңнан асып, онда 21 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған.
Жамантай БЕЙСЕНБАЕВ, Жетісай ауданының әкімі: «Кәсіпкерлік нысандарда өндірілген өнімдердің құны 33 млрд. теңгені құрап отыр. Оның ішінде заңды және заңсыз тұлғалар бар. Былтырғы жылмен салыстырғанда бұл салада да өсім бар».
Мақпал РЫСБАЕВА