13 жастағы суретші туындыларын сатып, отаға ақшаға жинап жүр

97

Шымкентте жас суретші өз қолынан шыққан туындыларын сатып, одан түскен қаржыны пластикалық отаға жұмсамақ. Қыл қалам шебері арманның жетегімен сурет салуын дамыту үшін бейнелеу өнері мектебінде оқиды. Жастайынан жарқын жүзінен айырылған жеткіншектің жай-күйінен сыр тарқатсақ…

Дәл осы бейнелеу сабағына 13 жастағы Әбдірахман Темірбек Біркөліктен қалаға қатынап оқиды. Оны бұл дәріске күн сайын суретке деген махабаттан бөлек, өмірге деген құштарлық жетелейді. Сурет салуға жаны құмар жігіттің бар арманы күрделі отаға жететіндей қаржы жинау. Шығармашылығының басым бөлігін табиғат көріністеріне арнаған ол кішкентайынан қаламды қолға алған.

Әбдірахман ТЕМІРБЕК, жас суретші: ”Мен қазір сурет салуға бара жатырмын. Мен кішкентайымнан сурет салуды ұнатамын. Көбіне табиғатты салуды ұнатамын”.

Алақан жайып ақша сұрағандарды құптамайтын суретші адал еңбегінің жемісін көруде. Перзентінің қайғысына қан жұтқан анасы оның болашағына алаңдайтынын айтады. Тіпті, баласы өзін жайлы сезінсін деп бөлек топқа оқуға берген.

Айнұр ИСМАҒҰЛОВА, анасы: “Біз Израильға бармақшымыз. Ол жақтан шақырту да алып қойдық. Пластикалық-хирург, профессор Маргулес бізге бет терісін толықтай ауыстырып беруге уәде етті. Бұл ота бірнеше кезеңнен тұрады. Және бірден бола қоймайды. Бағасы да өте қымбат тұрады”.

Жас таланттың туындыларын қазақстандықтар ғана емес, Ресей, Малайзия мен гректер де сатып алады екен. Әбдірахман әр төл туындысын 25000 теңгеге бағалаған. Операциясына қаржы жинау қиын. Тек өкініштісі, дәл осы жас өнер иесінің жағдайын жамылып, ақша жинап жүрген алаяқтар да пайда болыпты. Көмектесем деген жомарт жандарға анасы тек ресми парақшаларымызға жазса дейді.

Айнұр ИСМАҒҰЛОВА, анасы: “Бізде қолайсыз жағдай орын алды. Баламның әлеуметтік желіде суреттерін жарнамалаған алаяқтар да пайда болды. Ұлымның арқасында қалтарын да қомпайтқан көрінеді. Біз олардың үстерінен шағымданып, полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгіндік. Алайда әлі нәтиже жоқ. Менің айтқым келгені бізге шынымен де жәрдемдескіңіз келсе, әлеуметтік желіде “Жас суретшіге қайырымдылық қоры” деген негізде фэйсбук парақшамыз бар”.

Арнайы курсқа барып жүрген Әбдірахман үлгілі оқушылардың бірі. Сурет салуға деген талғамы мен таңдауы ерек. Ұстаздары да оның жарқын болашағына кәміл сенеміз дейді.

Сара ҚҰЛДАС, ұстазы: “Мен оның мықты суретші боларына кәміл сенемін. Себебі оның бейнелеу өнерге деген ықыласы ерекше. Сондай-ақ жаңашылдықты жаны сүйеді”.

Еске салсақ, осыдан 11 жыл бұрын Әбдірахман Темірбектің анасы балаларына түскі ас әзірлемек болған сәтте сіріңкені тұтатқан бойда үйінде жарылыс орын алады. Салдарынан, 2 жаста болған Әбдірахманды оңбай күйік шалған. Оқыс жағдайдан бет-жүзін күйік шалған жасөспірім осылайша өз өнері арқылы күрделі отаға қаражат жинауды жөн көреді.

Аталмыш қайғылы жәйт көңілдеріңізді қынжылтып, көмек қол ұшын беремін десеңіз, назарларыңызға мына ақпаратты ұсынамыз!

КАСПИЙ ГОЛД : 4400 4301 8383 5468 ( Айнұр Исмағұлова ,анасы ISMAGULOVA AINUR ) ИИН 790330400856 ХАЛЫҚ БАНК : 6244 950 224 137 884 ( Айнұр Исмағұлова, анасы)

СБЕРБАНК KZ : 4578 3200 1045 5885 ( Айнұр Исмағұлова, анасы) Батырхан Әріпжан (ағасы) BATYRKHAN ARIPZHAN Картада тіркелген номер: 8 995 997 64 34 Байланыс телефоны: 87471153107 — анасы Айнұр 87712130707 — әкесі Берік

Нұрлан Сұлтанбек