Әр жылы айлық есептік көрсеткіш өзгеруіне байланысты түрлі әлеуметтік төлем мөлшері де қатар өзгеріп отырады. Сонымен алдағы Жаңа жыл – 2021 жылдан бастап түрлі әлеуметтік төлемдер, зейнетақы, жәрдемақы қалай өзгермек? Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлім басшысы Әнуар Ілеспаев Жаңа жылдағы жаңа өзгерістерді түсіндіріп берді.
Жаңа жылдан бастап әлеуметтік төлемдердің мөлшері артады. Қазақстан Республикасының «2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң жобасына сәйкес, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап:
– Айлық есептік көрсеткіш – 2 917 теңге;
– Ең төменгі зейнетақы – 43 272 теңге;
– Ең төменгі төменгі базалық зейнетақы төлемі – 18 524 теңге;
– Күнкөріс деңгейі мөлшері – 34 302 теңге;
– Ең төменгі жалақының мөлшері – 42 500 теңге болып белгіленді.
ЗЕЙНЕТАҚЫ 7%-ҒА ӨСЕДІ
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлім басшысы Әнуар Ілеспаевтің айтуынша, Жаңа жылдан бастап айлық есептік көрсеткіштің және күнкөріс деңгейінің артуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік төлемдердің де мөлшері біршама өзгерді.
– 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы төлемі мен еңбек сіңірген жылдары үшін алып жүрген зейнеткерлердің зейнетақысының негізгі мөлшері 7 пайызға көбеймек. Ал зейнетақы төлеміне қосымша төленетін базалық зейнетақы төлемінің мөлшері әр бір азаматтың 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі мен жинақтаушы зейнетақы қорына қатысушы болған кезеңіне сәйкес 18 524 теңгеден 34 302 теңгеге дейінгі аралықта артады. 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңадан тағайындалатын зейнетақы төлемдерін есептеу үшін, ең жоғарғы орташа айлық табыстың мөлшері 46 айлық есептік көрсеткішпен шектелініп анықталады, яғни орташа айлық табыс шектеліп 134 182 теңгеден ( АЕК 2917 х 46 =134 182) анықталады, — дейді Әнуар Ілеспаев.
ЖӘРДЕМАҚЫ 5%-ҒА КӨБЕЙМЕК
Сонымен, жәрдемақылардың мөлшері, күнкөріс деңгейінің мөлшері өзгеруіне байланысты жаңа жылдан бастап:
Мүгедектердің жәрдемақысы :
І топқа — 65 860 теңгеге;
ІІ топқа — 52 483 теңгеге;
ІІІ топқа — 35 675 теңгеге;
16 жасқа дейінгі мүгедек баланың жәрдемақысы —48 023 теңгеге артады.
16 жастан асқан мүгедек балаға берілетін жәрдемақы:
І топ — 65 860теңгеге;
ІІ топ — 54 541 теңгеге;
ІІІ топ — 41 163 көбейеді.
Мүгедек баланы тәрбиелегені үшін — 48 023 теңге;
Бала кезінен І топтағы мүгедек баланың күтімі үшін — 48 023 теңге алады.
Асыраушысынан
айырылғандарға:
1 балаға — 29 500 теңге;
2 балаға — 51 110 теңге;
3 балаға — 63 459 теңге ;
4 балаға — 67 232 теңге;
5 балаға — 69 634 теңге ;
6 және одан көп балаға — 72 378 теңге көлемінде жәрдемақы төленеді.
Тұл жетімдер:
– Әрқайсысына бөлек — 40 477 теңге жәрдемақы төленеді.
АРНАЙЫ ЖӘРДЕМАҚЫ
Айлық есептік көрсеткіштің 2 917 теңгеге өсуіне байланысты:
№1 тізім бойынша мемлекеттік әлеуметтік төлемдер — 27 479 теңгеге ;
№2 тізім бойынша мемлекеттік әлеуметтік төлемдер — 24 445 теңгеге ұлғаяды.
БАЛА КҮТІМІ
Бала туғанда берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы мен бала күтімі жөніндегі жәрдемақылар,
– 1, 2 және 3-ші балаға — 110 846 теңгеге;
— 4-ші және одан көп балаға 183 771 теңгеге артады.
1 жасқа дейінгі бала күтіміне:
– 1 балаға — 16 802;
– 2 балаға — 19 865; ;
– 3 балаға — 22 899;
– 4 және одан көп балаға — 25 962 теңге тағайындалмақ.
ЕСКЕРТУ: Егер жас ана декрет демалысына шықпай тұрып жұмыс істесе, онда 1 жасқа дейінгі бала күтіміне төленетін жәрдемақы мөлшері оның жалақысының мөлшеріне қарай тағайындалады. Бұл мемлекеттік сақтандыру қорынан төленеді.
— 4 және одан да көп баласы бар, көп балалы отбасылардың бала санына қарай жәрдемақы тағайындалды.
4 балаға – 16,03 АЕК = 46 760 теңге;
5 балаға – 20,04 АЕК = 58 457 теңге;
6 балаға – 24,05 АЕК = 70 154 теңге;
7 балаға – 28,06 АЕК = 81 852 теңге;
8 балаға- 2917 АЕК х4=11668х8=93 344;
9 балаға- 2917 АЕКх4=11668х9=105 012;
10 балаға- 2917 АЕКх4=11668х10=116 680;
11 балаға- 2917 АЕК х4=11668х11=128 348;
12 балаға- 2917 АЕК х4=11668х12=140 016;
13 балаға- 2917 АЕК х4=11668х13=151 684;
14 балаға- 2917 АЕК х4=11668х14=163 352;
15 балаға — 2917 АЕК х4=11668х15=175 020 теңге төленетін болады.
«Алтын алқа», «Күміс алқа» немесе бұрындары «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар — 18 669 теңге көлемінде жәрдемақы алады.
АРНАУЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫ
Кеңес Одағының батырлары мен 3 дәрежелі Даңқ орденінің иегерлері — 404 384 теңге;
Социалистік Еңбек Ері 3 дәрежелі Еңбек даңқы орденінің иегерлері – 404 384 теңге; «Қазақстанның ғарышкер ұшқышы», «Халық қаһарманы», «Енбек ерілері»- 404 384 теңге;
Ұлы Отан соғысына қатысушылар — 46 672 теңге;
Ұлы Отан соғысының мүгедектері — 46 672 теңге;
Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілгендер — 18057 теңге;
Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілгендер — 22 024 теңге;
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлер жесірлері — 13 069 теңге;
Қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларына – 13 390 теңге;
Қайтыс болған соғыс мүгедектері, соларға теңестірілген мүгедектердің әйелі(ері)-7 468 теңге;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы еңбегі үшін – 6 214 теңге;
1988-1989 жыл Чернобыль АЭС-дағы апат зардаптарын жоюға қатысушылар -14 002 теңге;
Саяси қуғын-сүргін құрбандары, мүгедек немесе зейнеткер болып табылатын –3 122 теңге;
Қ.Р ерекше еңбек сіңіргені үшін зейнетақы тағайындалған адамдар – 3 122 теңге;
Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде, Ирактағы халықаралық бітімгершілік пен Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілерге –14 002 теңге көлемінде арнаулы жәрдемақы төленеді.
Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төленетін төлемдері 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап 5 пайызға арттырылады.
Айжан ЕРМЕКҚЫЗЫ
«Оңтүстік Рабат», №49-50, 3 желтоқсан 2020 ж