2021 жылы Бәйдібек би мен Ұ.Арғынбеков көшелерінің қиылысында жолайырықтың құрылысы басталады

447

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов мәлім етті.

– Алдағы уақытта миллионды қаламызда көлік кептелісі мәселесін оңтайландыру үшін жаңа жолайрықтар салуды жоспарлап отырмыз. Жалпы қаланың басты жолдарында 2025 жылға дейін 5 жолайрық салынатын болады. Қазіргі таңда Д.Қонаев – Т. Рысқұлов қиылысында құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Келесі жылы Бәйдібек би мен Ұ. Арғынбеков көшелерінің қиылысында, яғни «Изуми» сауда үйінің маңында жаңа жолайрық салуды жоспарлап отырмыз. Сала мамандары бірнеше рет зерттеу жүргізіп, сарапшылардың ұсынысын тыңдадық. Сәйкесінше, қажеттіліктің туындауына байланысты, келесі жылы жаңа жолайрықтың құрылысы үш кезең бойынша басталады, – деді қала әкімінің орынбасары.

QAINAR KÓZТүркістан қаласы әкімдігі Құрылыс бөлімі