Қазір ескі машинаны қабылдау аяқталды, қызмет мереке аяқталған соң қайта іске қосылады.
1 қаңтардан бастап АЕК мөлшері өзгеретіндіктен, ескі көлігін утильге өткізетін азаматтарға төленетін ақша көлемі артады. Осылайша, 1-категориядағы (толық жиынтық) ескі машина үшін 210 024 теңге (72 АЕК), 2-категориядағы (толық емес жиынтық) машина үшін 157 518 теңге беріледі. Ал жүк көліктері мен автобустарға 157 518-ден 630 072 теңгеге дейін төленеді.
2020 жылы ел азаматтары 41 262 ескі көлік өткізіп, 7 млрд теңге және 8 651 жеңілдікті сертификат алған. «ӨКМ операторы» ЖШС-нің мамандары биыл өткен жылмен салыстырғанда көп көлік қабылданғанын хабарлады.
Бағдарлама 2021 жылы да жалғасады. Келесі жылы оператор 45 мың машина қабылдауды жоспарлап отыр. Автокөлік өткізу бойынша электронды кезек 5 қаңтарда іске қосылуы тиіс.