5 адам қар құрсауынан құтқарылды

187

Түркістан облысы бойынша төтенше жағдайлар департаменті  брифинг өткізді. Шара барысында  сала мамандары өткен демалыс күндері орын алған оқиғалар мен атқарылған   жұмыстарды  баяндады.

Қыс мезгіліндегі төтенше жағдайлардың алдын алу және шұғыл әрекет етуді қамтамасыз ету мақсатында облыстық тиісті шұғыл қызметтермен бірлескен түрде өзара іс-қимылдарды реттейтін құжаттарға түзетулер енгізілді, сондай-ақ, қысқы қауіпсіздікті қамтамасыз ету іс-шаралар жоспары мен жедел хабарландыру схемасы бекітіліп, күштер мен құралдарының топтамасы әзірленді және құзырлы мекемелерге орындау үшін жолданды.

2020 жылғы 9-10 қыркүйек және 9-10 желтоқсан аралығында осы жоспарлардың орындалу барысын анықтау мақсатында құзырлы мекемелелермен республикалық және облыстық жолдардағы асуларда жол қызметтерінің дайындығын көріп шығу жұмыстары жүргізілді. Жылыту бекеттері төсек орын, электр қозғалтқыштары мен көмір отындарымен қамтамасыз етілген.

Алайда, бұл жерде айта кететін жағдай асуларда орналасқан жылыту бекеттері тұрақты байланыспен (тек ұялы сымтетік) және электр жарығымен (тек электр қозғалытқыш) қамтамасыз етілмей келеді.

Ағымдағы жылдың қараша айынан бастап ауа-райының бұзылуына байланысты республикалық (3) және облыстық (3) жолдарды жабу бойынша 6 рет шешім қабылданды.

Жолдарды жабу кезінде төтенше жағдайларға жол бермеу және жолаушылардың көліктерімен жолға шықпауларын сұранып, тұрақты түрде бұқаралық ақпараттық құралдары мен әлеуметтік желілер (инстаграмм, фейсбук) арқылы дер кезінде үндеулер жарияланып, облыс тұрғындарының ұялы телефондарына 34 рет СМС хабарламалар жолданды.

Төтенше жағдайлар департаментімен қысқы төтенше жағдайларда авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін 466 жеке құрам және 83 бірлік арнайы техника дайындыққа келтірілген. Қыс маусымы басталғалы бері авариялық құтқару жұмыстарын жүргізу үшін жалпы 21 техника жұмылдырылып, 5 адам қар құрсауынан шығарылып, қауіпсіз жерге жеткізілді.

Сонымен қатар, айта кететін жағдай 2020 жылғы 19 желтоқсанда сағат 11.00-15.30 аралығында және 17.55-21.40 аралығында М-32 «Самара-Шымкент» бағытындағы республикалық маңыздағы автомобиль жолы ауа райының күрт өзгеруіне (жауын, тұман, көк тайғақ) байланысты Қызылорда облысының шекарасына дейінгі жолдар жабылды.

Осы аралықта көктайғақ салдарынан бірнеше жол көлік оқиғалары орын алып, бір адам қаза тапты.

Төтеншеліктер  облыс тұрғындары мен қонақтарын алдағы қыс мезгілінде ауа райы туралы болжамдарға, СМС хабарламаларға мән беріп, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға,  алыс жолға шықпауға, автокөлік доңғалақтарын қыстық доңғалаққа ауыстыруға, жолда жол қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, шекті қойылған жылдамдықты асырмауға шақырады.

Шынар Оразова